Сайттан іздеу

Қажетті бағытты табайық

Университет беттерінің навигаторы атауларды, тақырыптарды және мағынасы жақын сұрауларды түсінеді.

Кемінде 2 таңба енгізіңіз

Жылдам бағыттар

Ұжымды құттықтаймыз, өркендеу мен табыс тілейміз!

QS Stars тәуелсіз аудитінің қорытындысы бойынша «Қ. Құлажанов атындағы ҚазТБУ» АҚ жоғары нәтиже көрсетіп, халықаралық рейтингте 4 жұлдызға ие болды.



Астана, 2026 жылғы 23 қазан. Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті (ҚазТБУ) халықаралық Quacquarelli Symonds (QS) талдау компаниясы әзірлеген QS Stars университеттерді бағалау жүйесінде 4 жұлдызға (4 Stars) ие болды. Университетке бірқатар халықаралық өлшемшарттар бойынша қызметінің жоғары деңгейін растайтын Very Good («Өте жақсы») жалпы бағасы берілді

QS Stars — жоғары оқу орындарының қызметін кең ауқымды көрсеткіштер бойынша талдауға мүмкіндік беретін университеттерді кешенді бағалаудың халықаралық жүйесі. Университеттерді өзара салыстырып, орындарға бөлетін дәстүрлі рейтингтерден айырмашылығы, QS Stars әрбір университеттің жетістіктерін белгіленген халықаралық стандарттарға сәйкес бағалайды.

Университет келесі бағыттар бойынша ең жоғары баға — 5 жұлдызға ие болды:

  • Teaching (Оқыту сапасы)
  • Good Governance (Тиімді басқару)

Келесі бағыттар бойынша да жоғары нәтиже көрсетіп, 4 жұлдызға ие болды:

  • Employability (Түлектердің жұмысқа орналасуы)
  • Academic Development (Академиялық даму)
  • Program Strength – Hospitality & Leisure Management (Білім беру бағдарламасының сапасы — қонақжайлылық және демалысты ұйымдастыру менеджменті)

QS Stars жүйесіндегі 4 жұлдыз — қол жеткізген нәтижелердің халықаралық деңгейде мойындалуы ғана емес, университеттің одан әрі дамуына бағыт беретін қосымша бағдар.

← Барлық жаңалықтар
N Басқа жаңалықтар

Ғылыми атақтың берілуімен құттықтаймыз!

Ғылыми атақтың берілуімен құттықтаймыз!

Дүниежүзілік стандарттар күніне арналған «Мен және стандарттар: ел болашағына қосқан үлесім» атты форум өтті.

2026 жылғы 15 қазанда Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде Дүниежүзілік стандарттар күніне арналған «Мен және...

ҚазТБУ ғалымдары Ташкенттегі халықаралық конференцияда жеті баяндама жасады

ҚазТБУ ғалымдары Ташкенттегі халықаралық конференцияда жеті баяндама жасады

AI Көмекші
Қош келдіңіз. Виртуалды ассистент университет сайтының ресми материалдары негізінде анықтамалық ақпарат ұсынады: беттер, жаңалықтар, ректор блогы, факультеттер туралы деректер және басқа жарияланған ресурстар. Сұрағыңызды нақты түрде жазыңыз.