Құрметті Сейдіқасым Ниязбекұлы!

Сізді Ғылым қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ғылым – мемлекет дамуының маңызды шарттарының бірі, прогрестің қозғаушы күші. Отандық ғылымды дамыту мәселесі мемлекеттің басты назарында.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ғылымды дамыту бойынша маңызды тапсырмалар берді. Тапсырмаларды орындау мақсатында ғылымды дамыту жөніндегі ұлттық жоба қабылданып, ғылым туралы заңнамаға өзгерістер енгізілді. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында бұл жұмыстардың барлығы ғылыми қоғамдастықпен тығыз байланыста жүргізіліп келеді. Соңғы екі жылда ғылымды қаржыландыру екі есеге артты. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру ұзақтығы бес жылға дейін ұлғайтылды. Базалық қаржыландыруға ғалымдардың жалақысы қосылды. Іргелі зерттеулермен айналысатын институттарды конкурстан тыс тікелей қаржыландыру енгізілді. Нәтижесінде төрт мыңға жуық ғалым кепілдендірілген жалақы алып, конкурсқа тәуелді болмай-ақ өз идеяларын жүзеге асыратын болады.

Ғылыми институттарды материалдық-техникалық жаңғыртуға да қаражат бөлініп, жаңа зертханалар ашылды, олар жабдықтармен қамтамасыз етіліп, 800-ден астам заманауи құралдарды сатып алынды. "Болашақ" бағдарламасының шарттарымен

500 ғалымды тағылымдамадан өткізу бойынша бұрын-соңды болмаған жаңа бағдарлама осы жылдың өзінде әлемнің 24 елінің 109 жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берді.

Біз үшін Сіздің тәжірибеңіз, ұсыныстарыңыз бен идеяларыңыз өте маңызды. Сіздің ғылымға деген қызметіңізді және оның дамуына қосқан баға жетпес үлесіңізді ерекше бағалаймыз.

Сізге зор денсаулық, бақыт, ғылыми шабыт және жаңа ғылыми жаңалықтар тілеймін!

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов

← Барлық жаңалықтар
N Басқа жаңалықтар

КазУТБ-та Қытайлық серіктестермен бірлескен білім беру орталығы ашылды

КазУТБ-та Қытайлық серіктестермен бірлескен білім беру орталығы ашылды

Оқушы биоыдырайтын бактерияға қарсы үлдір әзірлеп, Қазақстан Республикасының патентіне өтінім берді

Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде талантты жастарды ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту бағытындағы белсенді ж...

Подведены итоги II этапа Республиканского конкурса НИРС по образовательной программе «Менеджмент»

АО «Казахский университет технологии и бизнеса имени К. Кулажанова» в соответствии с письмом Комитета высшего и послевузовского образования...

AI Көмекші
Қош келдіңіз. Виртуалды ассистент университет сайтының ресми материалдары негізінде анықтамалық ақпарат ұсынады: беттер, жаңалықтар, ректор блогы, факультеттер туралы деректер және басқа жарияланған ресурстар. Сұрағыңызды нақты түрде жазыңыз.