«Тарих. Таным. Тылсым» атты апталығының ресми ашылуы өтті

Бүгін, яғни 11.03.2024 ж. сағат 11:00-де университетіміздің акт залында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының «Тарих. Таным. Тылсым» атты апталығының ресми ашылуы өтті.

Бүгін, яғни 11.03.2024 ж. сағат 11:00-де университетіміздің акт залында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының «Тарих. Таным. Тылсым» атты апталығының ресми ашылуы өтті.

Апталықтың ашылуында Қ. Құлажанов атындағы Қазақ ТБУ оқу ісі жөніндегі проректоры Дусмат Саматұлы сөз сөйлеп, әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің ел азаматтарын қалыптастыруда, мемлекетшілдік идеологияны жастарға дарытуда үлкен маңызға ие екендігін атап өтті.

Экономика және қызмет көрсету факультетінің деканы Қанат Сейітқамалұлы «ӘГП» кафедрасы қызметінің білім алушыларға базалық білімді ұсынуда, жан-жақты мамандарды тәрбиелеуде алатын орны ерекше екендігіне тоқталды.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Қанағат Тұрсынбайқызы жиылған қауымға апталықтың бағдарламасын таныстырды. Апталық ресми түрде наурыздың он бірінде ашылғанымен, іс-шаралары бірінші наурыздан басталып кеткендігін де тілге тиек етті.

Апталық бағдарламасын талдай келе кафедрадағы профессор-оқытушылық құрамның өзге ғылыми-зерттеу ұйымдарымен тығыз байланысының дәлелі ретінде апталыққа 4 іргелі ғылым Ордасынан ғалымдар шақыртылғандығын тындармандарға жеткізді. Атап айтқанда: • Сәкен Сейфуллин атындағы ҚазАЗУ • Астана медицина университеті • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ • Қазақстандық қоғамдық даму институты.

Профессор Баимбетова Рабига Кабдуловна өз кезегінде кафедраның құрылу тарихынан сыр шертіп, білім алушылар мен әріптестеріне апталық
шараларына сәттілік тіледі.

Ашылу салтанатын РДГБ-232 тобының Әділхан есімді студенті ән шашуымен жалғаса, РДГБ-231 тобының Хабиба атты білім алушысы мың бұралған биімен тәмамдады.

Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, апталық бағдарламасы бойынша пікір алмасып тарқасты.

← Барлық жаңалықтар
N Басқа жаңалықтар

От Менделеева к современным технологиям: интерактивная 4D-таблица в технопарке КазУТБ

В Казахском университете технологии и бизнеса имени К. Кулажанова представлена уникальная интерактивная 4D-периодическая таблица химических...

Студентка кафедры «Информационные технологии» - победитель Республиканского конкурса «Лучший студент»

Студентка гр. ITM-251со Қамбетай Ақмарал Аманжолқызы под научным руководством ассистент-профессора кафедры «Информационные технологии», к.п....

Научный успех студентов: призовое место в международном конкурсе по цифровым технологиям

17–18 марта 2026 г. на базе Карагандинского национального исследовательского университета им. академика Е.А. Букетова (факультет математики...

AI Көмекші
Қош келдіңіз. Виртуалды ассистент университет сайтының ресми материалдары негізінде анықтамалық ақпарат ұсынады: беттер, жаңалықтар, ректор блогы, факультеттер туралы деректер және басқа жарияланған ресурстар. Сұрағыңызды нақты түрде жазыңыз.