Сайттан іздеу

Қажетті бағытты табайық

Университет беттерінің навигаторы атауларды, тақырыптарды және мағынасы жақын сұрауларды түсінеді.

Кемінде 2 таңба енгізіңіз

Жылдам бағыттар

«Родина» ауылына оқу-танымдық экскурсия

ФН-231 және ФН-241 студенттерінің «Родина» ауылына экскурсиясы: ауыл инфрақұрылымымен, жергілікті өндіріс және экономиканың практикалық қырларымен танысу

ФН-231 тобының студенттері (кураторы — Жумажанова М.Т.) және ФН-241 тобының студенттері (кураторы — Жаппасова Р.Е.) «Родина» ауылына оқу-танымдық экскурсия жасады.

Сапар студенттерге ауылдың инфрақұрылымы мен көрікті жерлерімен танысуға, сондай-ақ экономика және қаржы пәндері бойынша алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітуге мүмкіндік берді. Студенттердің ерекше қызығушылығын жергілікті өндірістің баға саясаты тудырды. Экскурсия барысында баға белгілеудің сараланған тәсілімен танысты. Атап айтқанда, жергілікті өндіріс өнімдері ауыл тұрғындарына келушілерге қарағанда қолжетімді бағамен ұсынылады. Бұл бизнеске әлеуметтік бағдар беру, сұранысты қалыптастыру және жергілікті нарықтың ерекшеліктері туралы пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар студенттер ауыл инфрақұрылымының жоғары деңгейде дамығанын, аумақтың абаттандырылуын және көшелердің тазалығын атап өтті. Мұның барлығы аумақты тиімді басқару мен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырудың нәтижесі екенін көрсетеді.

Экскурсия аясында студенттер әскери музейді, хайуанаттар бағын және жергілікті өндірушілердің өнімдері ұсынылған супермаркетті аралады.


← Барлық жаңалықтар
N Басқа жаңалықтар

«Туризм және сервис» кафедрасының сеньор-лекторы Кенжегүл Ақмышқызын PhD докторлық диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз!

2026 жылғы 18 қарашада «Туризм және сервис» кафедрасының сеньор-лекторы Омарова Кенжегүл Ақмышқызы «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша...

ДӘСТҮРДЕН ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯҒА: НАН ПІСІРУ ӨНЕРІ МЕН ИТАЛЬЯНДЫҚ АСХАНА!

2026 жылғы 19 қарашада «Технология және стандарттау» кафедрасында «Заманауи нан өнімдері және итальяндық асхана: нан пісіру және аспаздық өн...

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2026» ЖОО-ішілік конкурстың I кезеңіні

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2026» атағын беруге арналған ЖОО-ішілік конкурстың I кезеңінің қорытындылары