Студенттерге

КазУТБ психологиялық қолдау және бейімдеу қызметі

Психологиялық қолдау және бейімдеу қызметі студенттерге, оқытушыларға және қызметкерлерге психологиялық әл-ауқатты сақтауға, университет өміріне бейімделуге және қиын жағдайларда кәсіби көмек алуға қолдау көрсетеді.

Темербай Тогжан Маратқызы

Темербай Тогжан Маратқызы

психология магистрі, бөлім басшысы

Тұрсын Медина Жұмағазықызы

Тұрсын Медина Жұмағазықызы

психология магистрі, психолог-кеңесші

КазУТБ психологиялық қолдау және бейімдеу қызметі

Психологиялық қолдау және бейімдеу қызметінің (ПҚБҚ) негізгі миссиясы - университет студенттерінің, профессор-оқытушылар құрамының және қызметкерлерінің психикалық денсаулығын сақтау мен нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал ету. Қызмет өмірлік қиын (дағдарыстық) жағдайға тап болған адамдарға психологиялық көмек көрсетуге, сондай-ақ олардың психоэмоционалдық саулығы мен бейімделуін қолдауға бағытталған.

ПҚБҚ мақсаты - қолжетімді әрі сапалы психологиялық көмек көрсету; ұжымдардағы психологиялық ахуалды мониторингтеу; психологиялық дағдарыстардың (қақтығыстардың) алдын алу және реттеу; студенттер мен қызметкерлердің психологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру.

Осы мақсаттарға жету үшін Қызмет (ПҚБҚ) келесі міндеттерді орындайды:

  • Әлеуметтік ортаның қолайсыз факторларын анықтау: студенттер мен университет қызметкерлерінің психоэмоционалдық күйіне (әл-ауқатына) кері әсер ететін оқу және еңбек жағдайларын тұрақты мониторинг (бақылау, сауалнама, сұхбат, тестілеу) арқылы айқындау.
  • Сұраныстар мен университеттегі тәрбие жұмысы бағыттары бойынша жеке және топтық консультациялар өткізу (мысалы, топ кураторларының сұрауы бойынша топтармен кездесу).
  • Сенім телефоны және КазУТБ сайтындағы ПҚБҚ парақшасы арқылы келіп түскен өтініштерге жедел жауап беру.
  • Қиын өмірлік жағдайға тап болған студенттерге, оқытушыларға және қызметкерлерге барынша тиімді көмек көрсету үшін оқытушылармен, медицина қызметкерлерімен және басқа мамандармен өзара іс-қимыл жасау.
  • Университеттегі инклюзивті білім беруді психологиялық сүйемелдеу.
  • Студенттердің, профессор-оқытушылар құрамының және қызметкерлердің психикалық денсаулығын сақтау, қолдау және жақсартуға бағытталған жұмыс жоспарына сәйкес өзге де іс-шаралар мен бағдарламаларды өткізу.

Қызмет келесі қағидаттарды басшылыққа алады:

  1. Құпиялық.
  2. Кәсіби этиканы сақтау.
  3. Қолжетімділік.
  4. КазУТБ студенттері, ПОҚ және қызметкерлері үшін қызметтердің тегін болуы.

Қызметтің негізгі жұмыс бағыттары:

  1. Психодиагностика (мониторинг).
  2. Психопрофилактика және психологиялық ағарту.
  3. Психологиялық кеңес беру.
  4. Психокоррекция.
  5. Инклюзивті білім беруді сүйемелдеу.

Жоспарланған іс-шаралар:

  • Инклюзия мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер (мүгедектігі бар тұлғалардың ата-аналары/қамқоршылары мен оқытушылардың қатысуымен).
  • Мүгедектігі бар қатарластарға және оқытушыларға қатысты студенттердің толеранттылығын дамытуға арналған тренингтер.
  • Мүгедектігі бар студенттерге, оқытушыларға және олардың ата-аналарына жеке түзету консультацияларын тұрақты түрде өткізу.

Сапа менеджменті жүйесі талаптарына сәйкес әзірленген КазУТБ ПҚБҚ қызметін реттейтін негізгі құжаттар:

  • Психологиялық қолдау және бейімдеу қызметі туралы ереже.
  • Лауазымдық нұсқаулықтар: Қызмет басшысы, жетекші маман және ПҚБҚ психолог-дефектологы.
  • 2025-26 оқу жылына арналған ПҚБҚ жұмыс жоспары.

Психологтарға жиі жүгінетін типтік мәселелер (мысалдар):

  • Тұлғааралық қатынастар (қарым-қатынас құрудағы қиындықтар, қақтығыстар, жалғыздық).
  • Отбасылық қатынастар (ата-ана мен бала арасындағы қатынас және басқа отбасылық мәселелер).
  • Оқу қызметі (ЖОО-ға бейімделу, үйді сағыну, оқу қиындықтарына алаңдау, оқу стресі, қақтығыстар, прокрастинация).
  • Өзін қабылдау/өзін-өзі бағалау (сырт келбетке, қабілетке қатысты уайым, тұлғалық дамудағы қиындықтар).
  • Денсаулық (психикалық денсаулық, психосоматикалық аурулар, мүгедектік).
  • Эмоционалдық күй (апатия, депрессия, мазасыздық, қорқыныш, агрессивті көңіл-күй).
  • Аддиктивті мінез-құлық (никотин, құмар ойындар және басқа тәуелділік түрлері).
  • Зорлық-зомбылық/жарақат тәжірибесі (физикалық, психологиялық, сексуалдық зорлық, харассмент, жақын адамдарынан айырылуға байланысты қайғы).

Консультацияға алдын ала жазылу үшін QR кодты сканерлеңіз:

Консультацияға жазылу QR коды

Психологтар келесі форматта консультация өткізеді:

  • Оффлайн-консультация (жеке кездесу).
  • Онлайн-консультация (аудио және бейне байланыс арқылы).

1-курс студенттеріне!

Сіздер профориентациялық тестті тегін өтіп, нәтижесін бірден сертификат түрінде ала аласыздар.

Бұрын берілген қол жеткізу кодтары (кілттер) арқылы.

Кодын сақтамаған, бірақ тест тапсырып сертификат алғысы келетіндер Қызмет психологтарына келесі жолдардың бірімен жүгіне алады:

  • QR арқылы өтінім қалдыру.
  • Телефон/WhatsApp: +77072279582.
  • Бас ғимараттың 1-қабатындағы ПҚБҚ кабинетінe жеке жүгіну.

Email: -

Телефон: +7 (707) 227-95-82

Ішкі нөмір: 161

Мекенжай: Қ. Мұхамедханов көшесі, 37А, бас ғимарат, 1-100 кабинет

Жұмыс уақыты: 08:30-17:30, түскі үзіліс 12:30-13:30

1-3 курс студенттеріне арналған клуб ашылады: "Психология - менің хоббиім"

AI Көмекші
Қош келдіңіз. Виртуалды ассистент университет сайтының ресми материалдары негізінде анықтамалық ақпарат ұсынады: беттер, жаңалықтар, ректор блогы, факультеттер туралы деректер және басқа жарияланған ресурстар. Сұрағыңызды нақты түрде жазыңыз.