Карьера орталығының қызметі
Карьера орталығы — университеттің негізгі мәселелерді үйлестіретін құрылымдық бөлімшесі:
Кәсіптік практика және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы 158 серіктес-жұмыс берушімен шарттар мен меморандумдар жасалды. Олардың ішінде: КазМунайГаз, Казахтелеком, Концерн Цесна-Астык, Ассоциация Халал Индустрия Казахстана, Департамент по чрезвычайным ситуациям г. Астана, Петропавловский электротехнический завод, Казахский институт развития промышленности, Дирекция государственных резиденций Управления делами Президента РК, Ассоциация Туроператоров Республики Казахстан, Президент Отель Rixos, KazWestTrans, Techlab Digital Solutions, Общественный фонд "Рухани жаңғыру", Capital Projects Ltd, Astana Development Group, Казахстанский институт развития промышленности, БанкЦентрКредит, Аппарат акима района "Нұра" города Астана, Аппарат акима Целиноградского района, Целинная фабрика, Научно-производственный центр экологической и промышленной биотехнологии, КазЭкоЭксперт, Kazakh Invest, Государственная компания "Правительство для граждан", Көмек-Астана, Научно-производственное объединение "Энергосберегающие технологии", Институт химии угля и технологий, КазахАлтын Технологии, Корпоративный фонд "Туристік Қамқор", Саят-Travel, Тау-Кен Самрук, Степногорский подшипниковый завод, Концерн Цесна-Астық, Республиканский научно-исследовательский институт по охране труда Министерства труда и социальной защиты населения РК, филиал АО "КТЖ" - Центр развития персонала железнодорожного транспорта, Больница медицинского центра Управления делами Президента Республики Казахстан, Дирекция административных зданий Управления материально-технического обеспечения, STEM Academia, Государственная академическая концертная организация "Казахконцерт имени Розы Баглановой" Министерства культуры и информации РК және басқа компаниялар.
- Жастар істері жөніндегі басқарма;
- білім алушылардың кәсіптік практикасының барлық түрлері;
- түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу: бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, компаниялардың (жұмыс берушілердің) таныстырылымы, семинарлар, шеберлік сабақтары, конференциялар;
- түлектердің жұмысқа орналасуына жыл сайынғы мониторинг жүргізу;
- жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар орнату;
- жұмыс берушілердің (кәсіпорындардың, мекемелердің) және олардың бос жұмыс орындарының дерекқорын қалыптастыру, сондай-ақ бос жұмыс орындарына үміткерлердің электрондық дерекқорын құру;
- білім алушыларға жетекшілік ететін мәселелер бойынша ақпараттық және консультациялық қолдау көрсету және тағы басқа.
2025 жылғы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
Университетте білім алушылар үшін дәстүрлі түрде «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» іс-шарасы өткізіледі. Бұл іс-шараның басты мақсаты — түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
Кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 2025 жылғы 25 сәуірде өтті. Іс-шараға 32 ұйымнан 40-тан астам адам шақырылды, олардың арасында мемлекеттік мекемелердің, ірі ұлттық және жеке компаниялардың, қаржы мекемелерінің, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, бизнес-құрылымдардың, сондай-ақ күштік құрылымдардың өкілдері болды.
Бітіруші студенттер келген ұйымдардың HR-менеджерлерімен әңгімелесу арқылы жұмысқа орналасу үшін қажетті ақпарат алуға мүмкіндік алды.
- Байсеитов Ғани Нұралиұлы — «Research & Development» ЖШС «Қазақстан инжиниринг» орталығының бас директоры;
- Жамангарина Аида Мұратқызы — Астана қаласы әкімдігінің Еңбек ұтқырлығы орталығы бөлімінің басшысы;
- Сафуани Төлеген Есенқұлұлы — «KEGOC» АҚ HR, құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры.
Түлектер қауымдастығы
Университетте Түлектер қауымдастығы құрылды, оның құрамына түрлі министрліктерде, мемлекеттік күштік құрылымдарда, әкімдіктерде, ірі компаниялар мен қаржы институттарында жұмыс істейтін өткен жылдардағы түлектер кірді.
2025 жылғы 3 қазанда Түлектер қауымдастығының алғашқы отырысы өтті. Нарықтық экономиканың бірінші кезектегі өзекті мәселелері талқыланып, университеттің ұстанымын одан әрі нығайту бойынша маңызды ұсыныстар әзірленді.
Түлектер қауымдастығы игі мақсатты көздейтінін атап өткен жөн — бұл корпоративтік рух, өзара көмек пен ынтымақтастық сезімін қалыптастыру, университетіміздің беделін қолдау мен арттыру, түлектерімізді ілгерілету, мәдени дәстүрлерді дамыту.
Түлектер қауымдастығының отырысында:
- Байсеитов Ғани Нұралиұлы — «Research & Development» ЖШС «Қазақстан инжиниринг» орталығының бас директоры;
- төраға болып Кравчук Светлана Валерьевна — «Комек Астана» ЖШС басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары сайланды;
- құрамы бекітілді;
- жұмыс жоспары бекітілді.
- Білім алушылар үшін Түлектер қауымдастығы мүшелерінің түрлі өзекті тақырыптар бойынша қонақ дәрістерінің кестесі құрылды, мысалы:
- Табысты мансапқа арналған негізгі қадамдар;
- Бизнесті ашу және құру бойынша практикалық кеңестер;
- Құқықтық сауаттылық;
- Тәртіптілік — мемлекеттік қызметтегі табыстың кепілі;
- Заманауи IT-технологиялар, практикалық тәжірибе.
- Аталған қонақ дәрістері оқу жылының түрлі кезеңдерінде өткізілді, білім алушылар практикалық тәжірибе, білім және қосымша құзыреттер алды.
- Түлектер қауымдастығының құрылуы алдағы уақытта жемісті жұмысқа ықпал етеді.
Қамқоршылық кеңес
Университетте алғаш рет мемлекеттік органдардың, бизнес-қауымдастықтың және қоғам қайраткерлерінің өкілдерінен Қамқоршылық кеңес құрылды. Қамқоршылық кеңестің алғашқы отырысы 2026 жылғы 13 ақпанда өтіп, танысу сипатында болды. Бұл отырыста Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен құрамы бекітіліп, университеттің білім беру қызметінің өзекті мәселелері талқыланды. Қамқоршылық кеңестің қызметі белсенді форматта жалғасады.