Сайттан іздеу

Қажетті бағытты табайық

Университет беттерінің навигаторы атауларды, тақырыптарды және мағынасы жақын сұрауларды түсінеді.

Кемінде 2 таңба енгізіңіз

Жылдам бағыттар

«Экономика және қаржы» кафедрасының студенттері қаржы пәні бойынша Республикалық олимпиадада II орын иеленді

«Экономика және қаржы» кафедрасының студенттері «TengriCapital» командасы құрамында «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық олимпиадада II орынға ие болды

ҚазТБУ-нің «TengriCapital» командасы «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық пәндік студенттік олимпиадада II орынды иеленді
2026 жылғы 11 қарашада Q University базасында (Алматы қ.) Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне арналған «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық пәндік студенттік олимпиада өтті. Олимпиадаға еліміздің түрлі жоғары оқу орындарынан барлығы 27 команда қатысты. 
Қазақ тілінде баяндама жасайтын секцияда Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің намысын «TengriCapital» командасы абыроймен қорғады. Команда құрамы: 
* Орынкулов Адильжан Талгатович (команда капитаны);
* Съезбек Айару Айдосқызы;
* Тұрсынова Дария Шалқарқызы. 
Команданың ғылыми жетекшісі — Сарсенбаева Кенжегуль Айтхановна. 
Олимпиада үш конкурстық турдан тұрды: жасанды интеллект қолданылған «Таныстыру», қаржы және ЖИ саласындағы шағын жобаны қорғау («Үй тапсырмасы») және қаржылық талдау, инвестициялық жобаларды бағалау (NPV, IRR, WACC, CAPEX) мен ақша ағындарын болжау бойынша есептер шешуге арналған «Капитандар сайысы». 
Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша «TengriCapital» командасы жоғары қаржылық сауаттылық, жүйелі ойлау және үздік талдамалық құзыреттерін көрсетіп, жүлделі II орынға ие болды.
Студенттер мен ғылыми жетекшісін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы оқу мен ғылыми қызметтеріне толағай табыстар тілейміз!
← Барлық жаңалықтар
N Басқа жаңалықтар

Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде Этномәдени бірлестіктер күні өтті

2026 жылы 13 қарашада Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде КМУ «Қоғамдық келісім» Достық үйінің өкілдерінің қ...

Ғылым мен тәжірибе ұштасқан күн: ҚазТБУ-да өткен семинар қорытындысы

11 қараша күні «Технология және стандарттау» кафедрасында «НӨК «Инноватор» ЖШС-мен бірлескен ғылыми-практикалық семинар өтті.

«Экономика және қаржы» кафедрасының студенттері «Finlogic & Accounting» ойынында III орын иеленді.

«Экономика және қаржы» кафедрасының студенттері Қаржыгер күні мен Бухгалтер күніне арналған «Finlogic & Accounting» жоғары оқу орындары арас...