Қызметтің негізгі бағыттары
Ғылыми кітапхана қызметінің негізгі бағыттары — университеттің білім беру жүйесін қолдау, ақпараттық ресурстарды кеңейту, технологиялық инфрақұрылымды жетілдіру, оқырмандар үшін тиімді ақпараттық орта құру және ақпараттық қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады.
Бүгінгі таңда ғылыми кітапхана университеттің ақпараттық орталығы болып табылады.
Ғылыми кітапханада электрондық ақпараттық ресурстар, оның ішінде пайдаланушылардың қолжетімділігін кеңейту мақсатында құрылған электрондық каталог, «Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ ғалымдарының еңбектері» дерекқоры, сондай-ақ түрлі қолжетімді дерекқорлар мен цифрланған (электрондық) кітаптар жинағы жұмыс істейді.
Ғылыми кітапханада «Кафедра күні», «Факультет күні» сияқты ақпараттық іс-шаралар, сондай-ақ мәдени-ағартушылық іс-шаралар өткізіледі.