Іс-шара аясында кафедра оқытушылары мен студенттері практикалық бағдарламаға белсене қатысып, Музейдің қызметімен төрт бағыт бойынша танысты: Жеке мұрағат қызметі, Жеке кітапхана қызметі, Музейлік-көрме және Экскурсия қызметтері. Қатысушылар Музейдің нақты жұмыс процестеріне жақындатылған тапсырмаларды орындады.
Іс-шара қорытындысы бойынша «Бағдар» бағдарламасына оқу жылы бойы қатысуды жалғастыратын волонтер-студенттер тобы жасақталды. Бағдарлама музейлік волонтерлікті дамытуға, студенттердің практикалық тәжірибе алуына, кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға және оларды Музейдің көрме, экскурсиялық және мәдени-ағартушылық жобаларына әрі қарай тартылуына бағытталған.
Бұл іс-шара Тұңғыш Президент Музейі мен Қ. Құлажанов атындағы ҚазАТБ арасындағы ынтымақтастықтың маңызды жалғасы, сондай-ақ «Туризм және сервис» кафедрасы студенттерін практикаға бағдарлап оқытуды дамытудағы маңызды қадам болды.



