Технологиялық факультет Пищевые технологии 2024
Сарысу ақуызы негізіндегі функционалдық ашытылған сусындар технологиясын жасау
Аңдатпа
Бұл жұмыс сарысу ақуызымен және пробиотикалық микроорганизмдермен байытылған функционалдық ашытылған сусындарды өндіру технологиялық процесін жасауға және оңтайландыруға арналған. Зерттеу барысында әртүрлі сарысу мөлшері бар (20%-дан 60%-ға дейін) ашытылған өнімдердің физика-химиялық және органолептикалық қасиеттері, сондай-ақ технологиялық параметрлердің (38–42°C ашыту температурасы, 4–8 сағат ұстау уақыты, 2–5% ашытқы дақылының концентрациясы) дайын өнім сапасына әсері зерттелді.
Жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде 40°C ашыту температурасында 6 сағат ішінде Lactobacillus acidophilus және Bifidobacterium bifidum ашытқы дақылдарымен 1:1 қатынасында 40% сүт сарысуын қолданудың оңтайлы екені анықталды.
Кілттік сөздер