Университеттегі білім беру мен басқарудың жоғары стандарттарын қамтамасыз ету
Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ / СМҚ) — бұл сапаны жоспарлау, басқару, қамтамасыз ету және жақсарту көмегімен сапа саласындағы саясатты жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдық құрылымның, әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы.
СМЖ кез келген жүйе сияқты өзінің мақсатымен, құрылымымен, элементтер құрамымен және олардың арасындағы байланыстармен сипатталады.
«EUROASIA MS» ЖШС аудиторлық ұйымы берген, қолданылу мерзімі 2028 жылғы 18 шілдеге дейінгі сертификатқа сәйкес, университетте жыл сайын ҚР СТ ISO 9001-2016 «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар» талаптарына сәйкестігіне Бірінші инспекциялық және Екінші инспекциялық аудит өткізіледі.