Бекбусинова Гульнафиз Кенжебековна
Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., ассистент-профессор
вн 146
1/505А
Кафедра 2024 жылы құрылды. Қаржы, есеп және аудит саласында толыққанды кәсіби білім береді. Экономиканың түрлі салалары үшін жоғары білікті мамандарды даярлайды.
Бекбусинова Гульнафиз Кенжебековна
Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., ассистент-профессор
вн 146
1/505А
«Қаржы және есеп» кафедрасының мақсаты-қаржы, бухгалтерлік есеп, аудит және салық салу салаларында кәсіби құзыреттерге, аналитикалық ойлау қабілетіне, цифрлық дағдыларға және жоғары әлеуметтік жауапкершілікке ие, бәсекеге қабілетті әрі сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлау.
Кафедра тәуелсіз Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан қаржы және нақты экономика секторларын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Құрылған сәттен бастап қаржы және бухгалтерлік есеп салаларындағы басқарушылық шешімдерді қабылдау тәжірибесімен теориялық білімді ұштастыруға ерекше назар аударылды. Кафедра «Қаржы» сонымен қатар «Есеп және аудит» білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білікті мамандар даярлап, озық ғылыми-педагогикалық тәжірибені қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (ХҚЕС) мен аудиттің халықаралық стандарттарының талаптарымен үйлестіреді.
Кафедраның негізгі мақсаты-халықаралық стандарттар бойынша білімді Қазақстан экономикасы мен қаржы секторының ерекшеліктерімен ұштастыра отырып, экономиканың және қаржы секторының цифрлық трансформациясы жағдайында тиімді жұмыс істей алатын мамандар даярлау.
2024 жылғы тамыз айында құрылған «Қаржы және есеп» кафедрасы – нарықтық экономика талаптары мен жұмыс берушілердің сұраныстарына жауап беретін заманауи білім беру құрылымы.
Кафедра білім беру сапасын арттыруға, ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлауға бағытталған.
«Қаржы және есеп» кафедрасы қаржы, бухгалтерлік есеп, аудит, салық салу және талдау салаларында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау қызметін жүзеге асырады. Кафедраның негізгі басымдықтары білім беру сапасын арттыру, білім алушылардың практикалық дағдыларын дамыту, цифрлық технологияларды енгізу және кәсіби қауымдастықпен байланысты нығайту болып табылады.
Кафедра қызметінің негізгі бағыттарына оқу процесін ұйымдастыру, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, пәндерді әдістемелік сүйемелдеу, сондай-ақ кәсіптік бағдар беру және тәрбие жұмыстарына қатысу жатады.
Оқу процесінде интерактивті дәрістер, кейс-әдістер, жобалық оқыту, іскерлік ойындар, практикалық тапсырмалар, кәсіби бағдарламалармен және цифрлық платформалармен жұмыс сияқты заманауи оқыту технологиялары қолданылады. Аналитикалық ойлауды, қаржылық сауаттылықты және басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Тәжірибеге бағытталған оқыту өндірістік тәжірибелерден өту, нақты кейстерді шешу, білім алушылардың байқауларға, олимпиадаларға, ғылыми жобаларға қатысуы және бизнес өкілдерімен кездесулер өткізу арқылы жүзеге асырылады. Кафедра білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзектендіру және түлектердің еңбек нарығындағы сұранысын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен белсенді ынтымақтастық орнатады.
Халықаралық ынтымақтастық та маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Ол академиялық байланыстарды дамыту, оқытушылар мен білім алушылардың халықаралық конференцияларға, семинарларға, вебинарларға және ғылыми іс-шараларға қатысуын қамтиды.
Білім беру процесін цифрландыру электрондық білім беру ресурстарын, онлайн-платформаларды, ақпараттық жүйелерді, мультимедиялық материалдарды және білімді бағалаудың цифрлық құралдарын пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар кафедра оқытушылар мен білім алушылардың ғылыми әлеуетін дамытуға ерекше назар аударады. Бұл ғылыми жарияланымдар, ғылыми конференциялар мен зерттеу жобаларына қатысу, әдістемелік семинарлар өткізу және кәсіби біліктілікті арттыру арқылы жүзеге асырылады.
Білім беру бағдарламасының атауы: 6В04108 – «Қаржы»
Қысқаша сипаттамасы:
6В04108 «Қаржы» білім беру бағдарламасы дәстүрлі қаржылық даярлықты цифрлық технологиялармен, салалық ерекшеліктермен және тәжірибеге бағдарланған оқытумен үйлестіруімен ерекшеленеді. Бұл түлектерде Қазақстанның қаржы нарықтары мен экономикасының трансформациясы жағдайында сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастырады.
Бағдарламаның бірегейлігі «Жасанды интеллектті қолданудың заманауи аспектілері» Minor бағдарламасының енгізілуімен күшейтілген. Ол студенттерге машиналық оқыту, нейрондық желілер және жасанды интеллектті басқару үдерістерінде қолдану бағыттарын меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл жаңа буын құзыреттерін – қаржы қызметінде цифрлық технологияларды, автоматтандыру мен интеллектуалды жүйелерді тиімді пайдалану қабілетін қалыптастырады.
Оқытудың заманауи әдістеріне жобалық оқыту, кейс-әдістер, қаржылық жағдайларды модельдеу, салалық деректермен жұмыс, іскерлік ойындар, банктерде, қаржы ұйымдарында және мемлекеттік органдарда тәжірибеден өту жатады.
Осылайша, бағдарлама дәстүрлі қаржы құралдарын да, цифрлық технологияларды да меңгерген, банк секторында, корпоративтік қаржыда, мемлекеттік басқару жүйесінде, инвестициялық компанияларда және бағалы қағаздар нарығында тиімді жұмыс істей алатын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.
Оқу мерзімі: 3 жыл
Берілетін дәреже: «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры
Білім беру бағдарламасының атауы: 6В04103 – «Есеп және аудит»
Қысқаша сипаттамасы:
6В04103 «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы тәжірибеге бағдарланған бағытымен және нақты бизнес секторымен тығыз ықпалдастығымен ерекшеленеді. Бағдарлама қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын есеп пен талдаудың цифрлық технологияларымен үйлестіреді. Түлектер заманауи есеп және аудит саласында жұмыс істеуге қажетті бәсекеге қабілетті дағдыларға ие болады.
Оқыту барысында білімді тәжірибеде қолдануға, аналитикалық ойлауды, кәсіби пайымдауды және есеп пен аудит саласында басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Заманауи оқыту және кәсіби қызмет технологиялары цифрлық есеп жүйелерін, оның ішінде «1С: Кәсіпорын» және «1С: Мемлекеттік мекемелерге арналған кәсіпорын» бағдарламаларын қолдануды қамтиды.
Оқу мерзімі: 3 жыл
Берілетін дәреже: «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры.
Білім беру бағдарламасының атауы: 7М04146 – «Қаржы» (ғылыми-педагогикалық бағыт)
Қысқаша сипаттамасы:
Бағдарлама қаржы, қаржылық талдау және тәуекел-менеджмент саласында терең білімге ие, қаржылық үдерістерді болжай және модельдей алатын, инвестициялар тарту мен активтерді басқару дағдыларын меңгерген, сыни және аналитикалық ойлау қабілеті жоғары мамандарды даярлауға бағытталған.
Білім беру бағдарламасының мақсаты – қаржы және экономика саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге, академиялық және кәсіби ортада оқытудың заманауи әрі инновациялық әдістері мен тәсілдерін әзірлеуге және енгізуге қабілетті жоғары білікті мамандар даярлау.
Оқу мерзімі: 2 жыл (ғылыми-педагогикалық бағыт)
Берілетін дәреже: «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі.
Білім беру бағдарламасының атауы:
7М04137 – «Есеп және аудит» (ғылыми-педагогикалық бағыт),
7М04139 – «Есеп және аудит» (бейіндік бағыт)
Қысқаша сипаттамасы:
«Есеп және аудит» магистрлік бағдарламасы цифрлық экономика және халықаралық стандарттар жағдайында есеп, талдау және аудиттің заманауи әдістерін енгізуге қабілетті, аналитикалық тұрғыдан мықты және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған.
Бағдарлама бухгалтерлік есепті, қаржылық талдауды, Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын (ХҚЕС), Аудиттің халықаралық стандарттарын, салықтық аудит әдістерін, басқарушылық есепті, бизнес-талдауды және деректерді өңдеудің цифрлық құралдарын тереңдетіп оқытуды көздейді.
Зерттеушілік, аналитикалық және педагогикалық дағдыларды дамытуға, сондай-ақ кәсіби қызметте білімді тәжірибелік тұрғыдан қолдануға ерекше назар аударылады.
Оқу мерзімі: 2 жыл (ғылыми-педагогикалық бағыт)
Берілетін дәреже: «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі.
Оқу мерзімі: 1 жыл (бейіндік бағыт)
Берілетін дәреже: «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару магистрі.
«Қаржы және есеп» кафедрасының ғылыми-зерттеу қызметі университеттің стратегиялық басымдықтарына сәйкес жүзеге асырылады және қаржы, бухгалтерлік есеп, аудит, салық салу және тұрақты даму салаларындағы қолданбалы және іргелі зерттеулерді дамытуға бағытталған.
Ғылыми-зерттеу жұмысы «Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры бекіткен кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Кафедраның ғылыми бағыттары:
Бухгалтерлік есепті, аудитті және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру;
Тұрақты және инклюзивті экономикалық өсу жағдайында қаржы жүйесі мен қаржы нарықтарын дамыту;
Салық саясаты және әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеудің салықтық құралдары;
Экологиялық және тұрақты есеп, жасыл қаржыландыру және ESG тәсілдері;
Халықтың қаржылық сауаттылығы және қаржылық шешім қабылдаудың мінез-құлықтық аспектілері.
«Қаржы және есеп» кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы «Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры бекіткен ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Кафедра қызметінің негізгі бағыттары:
• профессор-оқытушылар құрамының ғылыми жобалар мен гранттарға қатысуы;
• отандық және шетелдік басылымдарда ғылыми мақалалар жариялау;
• конференциялар, семинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу;
• монографиялар, оқу құралдары мен әдістемелік материалдар шығару;
• білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту және студенттік ғылымды дамыту;
• магистранттардың диссертациялық зерттеулеріне ғылыми жетекшілік жасау.
Студенттердің жетістіктері
2026 жылғы 10 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өткен «Бухгалтерлік есептің трансформациясы: үрдістер, сын-қатерлер және перспективалар» атты бухгалтерлік есеп бойынша халықаралық олимпиадада «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Әбдірахманов Нұрлан, 3-курс студенті Асылбекова Алтынай және ғылыми жетекшісі Байдаирова Клара Божековна «Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ атынан жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Олимпиада барысында қатысушылар теориялық дайындықтарының және практикалық дағдыларының жоғары деңгейін көрсетті. Байқау нәтижелері бойынша команда тестілеу кезеңінде бірінші орын алып, Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес заманауи бухгалтерлік есеп саласындағы терең білімдерін дәлелдеді. Сонымен қатар жарыстың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша команда жалпыкомандалық екінші орынға ие болып, халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көрсетті. Команданың атауы – «Дебет на взлете».
Асылбекова Алтынай мен Әбдірахманов Нұрланның жетістігі «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы студенттерінің мақсаткерлігі мен кәсібилігінің, сондай-ақ сапалы даярлығының жарқын үлгісі болып табылады. Олардың жетістігі білім беру үдерісінің жоғары деңгейін көрсетіп, университеттің академиялық қауымдастықтағы беделін нығайтуға ықпал етеді.
6В04103 «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының УА221 тобының студенті Ақпанова А.Р. онлайн форматта өткен III Бүкілресейлік студенттердің ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Конференцияның тақырыбы – «Цифрлық экономика және қауіпсіздік: сын-қатерлер мен даму перспективалары» («Аудиттегі инновациялар: дәстүрден цифрлық технологияларға дейін» секциясы). Студент «Жасанды интеллектті пайдалану арқылы аудиторлық дәлелдемелерді жинау тәсілдерін жетілдіру» тақырыбында баяндама жасап, нәтижесінде III орын иеленіп, III дәрежелі дипломмен марапатталды (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).
«Қаржы» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Мусажанова Аяжан (ғылыми жетекшісі – экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Берстембаева Р.К.) 2026 жылғы 31 қаңтарда Мәскеу қаласындағы Мәскеу экономикалық институтында өткен «Экономика және психология: негізгі мәселелер мен даму перспективалары» халықаралық эссе байқауында I орынға ие болды.
Халықаралық студенттік онлайн-олимпиада «Қаржы»
«Қаржы» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Кененбаева Сағдана (ғылыми жетекшісі – экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Берстембаева Р.К.) 2025 жылғы 28 қарашада Ақтөбе қаласында өткен халықаралық студенттік қаржы олимпиадасында II орынға ие болды.
Кафедраның негізгі нәтижелері мен жетістіктері:
• профессор-оқытушылар құрамының гранттық және шаруашылық келісімшарт негізіндегі ғылыми жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуы, оның ішінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын жобалар;
• Scopus дерекқорында индекстелетін халықаралық журналдарда және ҚР ҒЖБМ ұсынған ғылыми басылымдарда жарияланатын ғылыми мақалаларды қоса алғанда, профессор-оқытушылар құрамының жоғары жарияланымдық белсенділігі;
• бухгалтерлік есеп пен аудитті цифрландыру, мемлекеттік аудит, салықтық реттеу, қаржылық сауаттылық, тұрақты және жасыл қаржыландыру бағыттарында ғылыми зерттеулерді дамыту;
• оқу және ғылыми әзірлемелерге авторлық куәліктер алу, бұл зерттеу нәтижелерінің ғылыми және практикалық маңыздылығын растайды;
• ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу үдерісі мен тәжірибеге енгізу;
• халықаралық конференцияларға қатысу және шетелдік басылымдарда ғылыми еңбектер жариялау арқылы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту;
• студенттер мен магистранттарды ғылыми конференцияларға, байқауларға және жарияланымдық қызметке тарту арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатыстыру.
Жалпы алғанда, кафедра ғылыми әлеуеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, ғылыми-білім беру кеңістігіндегі өз позициясын нығайтып келеді.
Университет галереясынан кафедрамыздың фотосуреттерін, іс-шаралары мен өмірін көріңіз.